Әнші, ҚР мәдениет қайраткері Сәкен Майғазиев әншілікпен қатар бүгінгі күні Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінде ұстаздық жолда қызмет етіп келеді. Ол өзінің ұстаздық өмірі туралы былай дейді:
Өте талапшылмын. Балаларға қаншалықты жұмсақ болсам, соншалықты қаталмын. Әрине, жастардың ойымен, көзқарасымен санасуға тырысамын. Өйткені өзіміз де жас болдық, қателестік. Соның барлығын елеп-ескеріп, дұрыс тәрбие беруге тырысамын. «Ұстаз болатындай жаста емеспін, оған деңгейім жете қояр ма екен?» деп бастапқыда ұстаздықтан бас тарттым. Сонда сол кездегі колледж директоры Бибігүл Нұрғалиқызы: «Ұстаздық етуге сен қарсы болсаң, Медеу Арынбаев қарсы болса, басқа әншілер қарсы болса, сонда жастарға кім үйретеді?» Сахнада жүрсің. Тәжірибең бар», – деген болатын. Жасыратыны жоқ, ұстаздардың алатын айлығы күлкілі. Бұл жерге айлық үшін емес, шын мәнінде қазақ өнеріне жаным ашығандықтан келдім. Бірақ ұстаз болып жұмысқа орналасқанымда кейбіреулер күліпті…
Ұстаздыққа шақырған кезде Роза Рымбаева айттым. «Сенен жақсы ұстаз шығады, ұстаздың бір жақсы жағы жастарға үйрете отырып, өзің де үйренесің», – деп батасын берген болатын. Медеу ағаммен ақылдастым. Ол кісі: «Сен жауапкершілігі бар адамсың, қорықпа, жұмыс істе!», – деді.