Флорида штатында электр қуатынсыз (свет) қалды. Бұл туралы FPL энергетикалық компанияның баспасөзіне сілтеме жасап Juldyz.kz хабарлайды.

Компанияның дерегі бойынша, жарықсыз қалған тұрғындардың саны – 3,3 миллионға жуық. Осының алдында бұл көрсеткіш 2 миллион болған көрінеді. Мүмкіндік бола қалған жағдайда, компания 16 мың қызметкерін жұмылдырып, қайта қалыпқа келтіру жұмыстарын жасаймыз деп уәде берді.

АҚШ-тың метеорологиялық қызметі «Ирма» дауылының қауіпсіздік деңгейін үштен екіге төмендеткен болатын. Дауылдың орташа жылдамдығы сағатына 110 миль  (175 км/сағ).

Билік басындағылардың болжамы бойынша, қауіпсіздіктің қай деңгейінде болмасын, дауылдан 30 миллион адамның жапа шегіп қалу қаупі бар.

Пікір қосу