Күздің басы мұсылман елдері үшін аса үлкен қайғымен басталды. Тамыз айының аяғында Мьянманың батысында жергілікті әскерилердің қолынан 400-ге жуық мұсылман-бейбіт тұрғындары қаза тапқан және бұл ресми дерек бойынша ғана. Ашин Виратху бастаған мұсылмандарға қарсы топтың асқан жауыздықпен жасаған жантүршігерлік әрекеттері әлем мұсылмандарының үлкен наразалығын тудырды. Ал БҰҰ ұйымы бұл оқиғаны геноцид емес, этникалық тазалау деп атаған көрінеді.
Қақтығыстың себебі неде?
Билік пен рохинджалар арасындағы қақтығыс биыл басталмаған. Екі жақтың жауласуы ондаған жылдар бойы жалғасып келеді. 1940 жылы Ұлыбритания Британдық Бирмаға (Мьянманың бұрынғы атауы) тәуелсіздік бере отырып, Бангладешпен қиылысатын, Бенгал шығанағындағы Аракан мен Ракхайн елді мекендерінен бастап, барлық ұлттық ұлыстарға да тәуелсіздік беруге уәде еткен. Ол тәуелсіздік берілген де. Алайда осы жақта (Ракхайнда) мекендейтін рохинджалардың жеті штаты да тәуелсіздікке қолдары жетпеген және сәйкесінше Мьянманың жаңа билігі мойындамаған көрінеді.
Яғни, 1,5 миллион рохинджалар үшін Ракхайн – Отан Ана. Алайда Мьянма бұл халықты жергілікте мигранттар немесе әлемдік террористтік қауымдастықпен қатысы бар мұсылман басқыншылар деп қана қабылдайды.
Аракандағы қақтығысты кім ұйымдастырды?
Екі жақтық қақтығыс 2016 жылдың күзінде ушыққан. Ал биыл тамыз айының аяғында жергілікті халық 400-ге жуык мұсылман-бейбіт тұрғындардың (рохинджалардың) көзін жойған. Алайда Мұсылман Рохинья Еуропалық кеңесінің баспасөз хатшысы Анита Шуг «Анадолу» агенттігінің хабарлауынша, Аракан штатындағы Мьянма елінде әскери шабуылдың салдарынан үш күн ішінде 2-3 мыңға жуық мұсылман өлтіріліп, 100 мың мұсылман үйлерінен қуылған. Бұл дегеніңіз Араканда жоспарлы түрде геноцид саясаты жүзеге асып жатыр деген сөз. Ресми емес деректерге сүйенсек, Аракандағы қантөгістің артында Мьянма әскері тұр.
Бангладеш те, Малайзия да, Үндістан да рохинджалық «қашқындарды» қабылдағысы жоқ. Ұлыбритания рохинджалықтардың жағдайын БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде ақылдасып, шешімін табуды талап етті. Алайда бұған Қытай қарсы келген. БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Никки Хейли де Мьянманы сынға алған көрінеді. Мьянмадағы мемлекеттік кеңесші – Аун Сан Су Чжи, демократиялық құндылықтар үшін күресетін басшы ретінде Нобель премиясын алған. Алайда Аун Сан Су Чжи рохинджалықтар туралы тақырыптан қашып жүр екен.
«Қамшы» порталы:
БҰҰ аталмыш жағдайды геноцид емес, этникалық тазалау деп атаған
Үйлерінен қашқан мұсылман қауым Мьянма мен Бангладеш шекараларын паналауға мәжбүр. Бұдан бұрын Аракан белсендісі, дәрігер Мухаммед Эйюп хан мұсылмандарға қарсы Мьянма билігі мен буддистер тарапынан жүзеге асып жатқан қантөгісті тоқтатуға БҰҰ-дан көмек сұраған еді. 2016 жылы биліктің қысымына шыдамаған жас мұсылмандар бақылау пункттеріне шабуыл жасаған. Бұл жағдайдан соң Мьянма билігі бақылау пункттерін жауып, қауіпсіздік күштері Аракан штатындағы ауылдарға шабуылдап, жергілікті тұрғындарды өлтірген. Эйюп ханның айтуынша, 25 шілде күні БҰҰ үш адамнан тұратын арнайы комиссия бөлген екен, алайда Мьянма билігі ұйымның штатқа өтуіне жол бермеген. Соның салдарынан билік 25 ауылды қоршауға алып, соңы қантөгіске ұласқан. БҰҰ аталмыш жағдайды геноцид емес, этникалық тазалау деп атаған. Исламофобиялық күйдегі Мьянма билігі 1940 жылдан бастап Аракан штатын мұсылмандардан тазалау шараларын ең сорақы әдістер арқылы жүргізіп келеді. Түркияның вице-премьері Бекир Боздаг Мьянмада мұсылмандардың өлімін қатаң түрде айыптады. «Мьянмадағы тұрғындардың азапталып жатқаны Түркияның алаңдаушылығын тудырды. БҰҰ мен халықаралық ұйымдар аталмыш жағдайға көз жұма қарамау керек. Бұл нағыз – геноцид», – деді Боздаг.
Жоғарыдағы видео 2013 жылдың 23 наурызында жарияланған. Осыдан төрт жыл бұрын Мьянмада мешіттерді өртеп, мұсылмандарды өлтірген.
Мұсылмандарға қарсы топтың басшысы не дейді?
Ал кешегі оқиғаға байланысты, террористтік топтың басшысы Ашин Виратху былай дейді:
Қай бір улы жыланды алып қараңызшы, қалай дегенмен ол – улы. Оны жалғыз болса да бағаламауға болмайды. Қайда болса да, ол – қауіпті. Мұсылмандар да дәл солай. Мың жерден сіз мейріміді болыңыз, сүйіңіз, бәрібір құтырған иттің жанында жата алмайсыз. Егер біз әлсіз болсақ, біз жүрген жер мұсылман жеріне айналады.
Геноцид дегеніміз не?
«Геноцид» саясаты дегеніміз – [грек,genos – тайпа және лат.caedo – өлтіру] – халықаралық құқық бойынша аса ауыр қылмыс; қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың өкілдерін түгелдей немесе жекелеп қасақана қырып-жоюды білдіреді.
[…] алдында Мьянмадағы жантүршігерлік оқиғаны егжей-тегжейлі жазған болатынбыз. Соған байланысты […]
Егер, жыландарды түгел құртып жіберсе, табиғи тізбек бұзылып, қалғандары жапа шегер болар. Соны білмеген монах монах емес топас.