Бүгін әнші, сазгер Роза Әлқожаның бойтұмарына айналған «Мен сыйға тартқан орамал» атты әні 18 жасқа толып отыр. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Роза Әлқожа:

Бүгін ескі суреттерді жинақтап, қарауға шама келді.
2001жылы алғаш рет » Біз естімеген бір əн»деген байқауға » Мен сыйға тартқан орамал»əнімен қатыстық.
Оның алдында «Студенттер көктемінде» «Авторлық əн»номинациясы бойынша жалғыз дипломды жеңіп алғандықтан ба, Исраил ағамыздың оң бағасын естігендіктен бе тым сенімді едім.
Құдайберген Қазыбеков əнді өңдеу керегін айтты. Оған дейін домбырамен-ақ КазГУ-лықтарға хит болып жүрген кезім))!
Ұстазымыз Бекжан Əшірбаевпен ақылдасып, сол кезде «Көршінің қызын» керемет өңдеп берген Ұлықпан Жолдасовқа жолықтық.
Айдын өзі студияға апарып, сол кездегі жүз доллар деген сумманы да тауып беремін деп қолдап жүр. Тек байқау болатын кезде демеуші апамыз қатты қырсықты.
Сонда Бекжан аға «бұл біздің мақтанышымыз. Əн де тамаша əн. Бүгін шықпаса, ертең шығады бəрібір»деп отырып қатыстырып еді!
Бекжан ағаны айтыстан бір танысақ, «Қазақ университеті» газеті арқылы екі, ұстаздығы өз алдына, осы кезде тағы бір тани түскендей едік!..
Кейін ойласам, Айдыннан да маған жақын өз топырағымның өрені, Мақтааралымның мақтанышы екен ғой!
Солай, майталман əншілермен бірге сайысқа да түскенбіз. Одан кейін де бұл əнді Саят ағаның айтуымен марқұм Қайрат Жəнібеков қайта өңдеді. Ол кісіге əн ұнаса, əншісіне қарамайды екен!..
Ұяң да, майысқақ қызға кімсің деген жоқ!
Мейрамбек Бесбаевқа домбырасын ойнатып, керемет аранжировка жасап берді!
Соның барлығы осы əнді өзімдей ешкім жеткізе алмайды деп алаңдаудан туған талпыныс еді!..
Қандай əншілерге бермеген əн бүгінде екінші есіміме айналды!
Əн — он сегізге толды!
Мен де екі он сегізге жақындадым.
Өмір-ай!..

Бүгін ескі суреттерді жинақтап, қарауға шама келді. 2001жылы алғаш рет " Біз естімеген бір əн"деген байқауға " Мен сыйға тартқан орамал"əнімен қатыстық. Оның алдында "Студенттер көктемінде" "Авторлық əн"номинациясы бойынша жалғыз дипломды жеңіп алғандықтан ба, Исраил ағамыздың оң бағасын естігендіктен бе тым сенімді едім. Құдайберген Қазыбеков əнді өңдеу керегін айтты. Оған дейін домбырамен-ақ КазГУ-лықтарға хит болып жүрген кезім))! Ұстазымыз Бекжан Əшірбаевпен ақылдасып, сол кезде "Көршінің қызын" керемет өңдеп берген Ұлықпан Жолдасовқа жолықтық. Айдын өзі студияға апарып, сол кездегі жүз доллар деген сумманы да тауып беремін деп қолдап жүр. Тек байқау болатын кезде демеуші апамыз қатты қырсықты. Сонда Бекжан аға "бұл біздің мақтанышымыз. Əн де тамаша əн. Бүгін шықпаса, ертең шығады бəрібір"деп отырып қатыстырып еді! Бекжан ағаны айтыстан бір танысақ, "Қазақ университеті" газеті арқылы екі, ұстаздығы өз алдына, осы кезде тағы бір тани түскендей едік!.. Кейін ойласам, Айдыннан да маған жақын өз топырағымның өрені, Мақтааралымның мақтанышы екен ғой! Солай, майталман əншілермен бірге сайысқа да түскенбіз. Одан кейін де бұл əнді Саят ағаның айтуымен марқұм Қайрат Жəнібеков қайта өңдеді. Ол кісіге əн ұнаса, əншісіне қарамайды екен!.. Ұяң да, майысқақ қызға кімсің деген жоқ! Мейрамбек Бесбаевқа домбырасын ойнатып, керемет аранжировка жасап берді! Соның барлығы осы əнді өзімдей ешкім жеткізе алмайды деп алаңдаудан туған талпыныс еді!.. Қандай əншілерге бермеген əн бүгінде екінші есіміме айналды! Əн — он сегізге толды! Мен де екі он сегізге жақындадым. Өмір-ай!..

A post shared by РОЗА ƏЛҚОЖА (@roza_alkozha01) on

 

Пікір қосу