Осыдан аз уақыт бұрын ғаламтор желісінде танымал имам Әбдіғапбар Смановтың несие туралы айтқан уағызы тарап кетті. Молданың «кредит алу анаңмен жеті рет зина жасағанмен тең» деген сөзі жергілікті мұсылман қауымын дүр сілкіндірген болатын.  Соған байланысты ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров жауап қайтарды. Ершат мырза Нур кз-ке берген сұхбатында кейбір тұстары біраз бұрмаланғанын айтты. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Ершат Онгаровтың фейсбуктегі жазбасы:

Жақында nur.kz-ке несие мәселесіне қатысты берген сұқбатым біраз пікірталас тудырыпты. Осыған қатысты бірнеше мəселеге түсінік бергенді жөн санадым:
1. Сұқбатым журналист тарапынан бұрмаланған. Сайтқа салынған сәтте түзетіп, қайта жарияланды. Бірақ кейбір сайттар мен әлеуметтік желі қолданушылары қате нұсқасын көшіріп үлгерген екен;
2. Несие ешқашан xалал болған емес;
3. Əбдуғаппар ағамыздың жеке басына қатысты еш дауым жоқ. Бірақ несие жайлы пікір білдіру тәсілі қате екенін айттым. Əлі де сол ұстанымдамын.
4. Ə.Смановтың пікірі несиеге байланысты ешқандай да принципті айқындап бермейді. Пәтуаны жеке тұлға емес, пәтуа шығаруға құзырлы құрылым — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімі шығарады.
Өсімқорлыққа шариғатта тыйым салынған. Алайда елімізде кең таралған несие түрлеріне мынау болады, мынау болмайды деп пәтуа беруге жеке тұлғаның мүлдем қақысы жоқ. Менің де, Ə.Смановтың да, басқаның да құзыреті жоқ. Пәтуаны арнайы «Дарул-ифта» — Пәтуа академиясы сияқты арнайы оқу орнын тамамдаған, «усул әл-фиқh» — құқық негіздері, «мақасид әш-шариға» — шариғаттың мақсаты және т.б секілді арнайы ілім оқыған мамандар дайындайды. Осындай талаптарға жауап беретін, өзекті мәселелерде пәтуа шығаратын бір ғана мекеме бар. Ол Мүфтият — ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі. Сондықтан осы ресми орынның пәтуасына ғана жүгінген дұрыс.

Исламтанушы Оңғаровтың айтуы бойынша, халық уағызшылардың әңгімесіне емес, мүфтият таратқан ресми ақпаратқа ғана сенуі керек. Белгілі болғандай қазіргі кезде Әбдіғаффар Сманов мырзамен еліміздің танымал имамдары қате уағыз айтқаны үшін қазір жұмыс жасап жатыр.

Пікір қосу