Осыдан бір жыл бұрын, әнші Мейрамбек Беспаевтың туған інісі Мейірбек шаңырақ көтерген болатын. Ал М.Беспаев пен жары екеуі ресми түрде ата-ене атанған. Осыдан алты күн бұрын келіні Рабиға Аябек ұл туып, бүгін перзентханадан шыққан. Бұл туралы Рабиға өз инстаграм парақшасына жариялады:

Ал ағайын,батырымызды перзентxанадан шығардық. Есімі-Мансұр! Атын елдің сүйікті ұлы, xалықтың шексіз маxаббатының иесі, Алаш сыйлаған азамат Ән ағам (@m_besbaev) , яғни Мансұрдың Атасы (жолы бойынша) қойды??? Мейірбек екеуміздің бір арманымыз орындалды,шүкір! (өкінішке орай Ән аға жол жүріп келе алмады) Мансұр- «әрдайым алда жүретін жеңімпаз» деген мағынаны білдіреді. Ертеректе жаңа туған нәрестеге Мансұр деген атты «Жорытқанда жолы болсын, қайда барса да жеңіспен оралсын» деген ырыммен қойған екен. Үш жүздің басын қосқан Абылай xанның шын есімі де «Әбілмансұр». Батырымыздың мағыналы ат алғаны үшін қуаныштымыз!?
Қазақ еліне Майданбай Мансұр Мейірбекұлы деген жаңа есім келді!

Пікір қосу