«Алатау» дәстүрлі өнер театрының кинозалында кеңестiк партиялық, мемлекеттiк және қоғам қайраткерi, Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы, ҰОС қатысушысы, Социал Еңбек Қаһарманы Байкен Әшімовтың 100 жылдық мерейтойына орай мемлекет қайраткеріне арналған деректі фильмнің көрсетілімі өтті. Бұл туралы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, juldyz.kz хабарлайды.

Бүгінде Тәуелсіз елде өмір сүрсек, бұл – елдің ертеңі деп қызмет атқарған кешегі аға буынның арқасы. Осы тұста, еңбек жолында өзін жақсы ұйымдастырушы және қатал басшы ретінде көрсетіп, еліміздің дамуына ерен еңбегін сіңірген Байкен Ашимовтің өмірі елге өнеге, есімі тарих бетінде мәңгі қалмақ. Биыл елімізде ұрпақ қамы, ұлт болашағын ойлаған дана басшы Байкен Әшімовтың 100 жылдығы тойланып жатыр. Ал деректі фильм дана басшының өмірі мен еңбек жолына арналып, мемлекет қайраткерінің еліміздің экономикалық өсуі, ғылым мен мәдениеттің дамуы жолындағы тар жол, тайғақ кешуі көрініс табады.

Пікір қосу