Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем және азия ойындарының жеңімпазы Елдос Сметов Венгрияда өтіп жатқан әлем біріншілігінде жеңілді. Ол ширек финалда Рио олимпиадасында жеңіп кеткен әзірбайжандық Орхан Сафаровтан ұтылды. Бұл туралы juldyz.kz сайты хабарлайды.

Бірінші белдесуде Елдос Сметов Мозамбиктенк елген спортшы Неусо Сигокаданды жеңіп, бразилиялық Эрик Такабатакеден де айласын асырған болатын. Үшінші кездесуінде риандық балуан Мохаммад Рашнонеждданды жықты. Ал Орхан Сафаровтан ережені көп бұзып, ескерту алып үш шидомен жеңіліп қалды. Енді біздің балуан жұбаныш белдесуде қола үшін бағын сынап көреді.

 

Пікір қосу