Ресей Федерациясының Кемеров облысының басшысы Аман Төлеев Оны облыстық ауруханадан Мәскеуге ауыстырғаны жайлы «Коммерсант» басылымы жазған.
22 шілде күні Аман Төлеевке Германия клиникаларының бірінде омыртқасына ота жасалған болатын. Енді ол операциядан кейін оңалып кетуге көмектесетін емдеу курсын алатын болады. Дәрігерлердің айтуынша, ем-дом губернатордың жұмысына кедергі келтірмейді. Ресейлік газеттің хабарлауынша Төлеев мамырда алған еңбек демалысын бір айда екі рет созған. Облыстық администрацияның мәлімдеуінше Аман Төлеев мезгілінен бұрын отставкаға кетуді жоспарлап жатқан жоқ. Ол 2020 жылға дейін Кемеров облысының губернаторы болып сайланған.
Ұлты қазақ Аман Төлеев Кемеров облысын 1997 жылдан бері басқарады. 2015 жылдың қыркүйек айында бесінші рет өңірдің басшысы болып сайланған. Ол кезде 96 пайыз дауыс жинаған болатын.