Айтыскер ақын Балғынбек Имашев өзінің инстаграм парақшасында бөліскен жазбасы әзіл-пост жариялады. Juldyz.kz сол жазбаны назарларыңызға ұсынады.
Балғынбек Имашев, айтыскер-ақын:
АЙ-дың ТАҚЫНы, АЙ-дың НҰРы және БАЛ-дың ҒЫНБЕГі, десең, ия ?
Әссәләмуғәләйкум, ағайын, айтыс сүйер әлеумет! Жұма мүбәрәк болсын!
Біз Алакөлдеміз!!! Жанымда тұрған қамқоршы ұстазым, жанашыр жерлесім, ақпейіл ағам – Айтақын Бұлғақов пен менің өнердегі «вечный сопернигім», өмірдегі сапарласым, әрі қатарласым, айтыстағы жұбым, құрбым, Моңғолстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркияны айтпағанда Парижде де, Африкада да қасымнан қалмайтын, қажыға барсам де алдымнан шығатын бәз баяғы – Айнұр Тұрсынбаева ғой. ???
Шынымды айтсам, шаршадым осы келіншектен. Шаршап барып Алакөлде демалайыншы десем де осында жүр ғой… ???
Не істеуге болады, вообщее?
Айтыңыздаршы?
Бүгін Алматы облысы Алакөл ауданы Қабанбай батыр ауылында Алашорданың 100 жылдығына арналған үлкен айтыс болады. Сонда келіп айтсаңыздар да болады, күтем! ???
Басталуы сағат 18:00-де, бірақ, тегін болған соң 16:00-ден барып алмасаңыздар орын болады деп отвечать етпеймін!
Келмесеңіздер коментке, секрет болса дайректке жазыңыздар. Не істеуге болады? Қалай құтылуға болады? Бұрын Айнұр соңынан қалмай құтылып кеткендер бар ма? Америкаға кетіп қалсам ба екен? Бірақ, Трамп арқылы тауып алады ғой… ???
Айымбетов енді ғарышқа қашан ұшады екен? Телефоны болса тауып беріңіздерші ???