Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, шетелде тұратын отандастардың ісі және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі ресейлік федералды қызмет (Россотрудничество) Тәжікстанның Худжанд және Душанбедегі орыс тілі орталығында бөлімшелерін ашады. Аталған мекеменің Тәжікстандағы жетекшісі Михаил Вождаев бұл шара үкіметаралық келісім аясында жүзеге асып отыр деді.

Михаил Вождаевтың сөздерінше, Тәжікстанда жұмыс істейтін жаңа бөлімше қыркүйек айының екінші жартысында ашылады. Таяуда Россотрудничествоның басшысы Любовь Глебова «Коммерсантъ» басылымына берген сұхбатында ресейлік мәдәниет орталығы Худжанд қаласында ашылу мүмкіндігін айтқан. Мұнан бөлек орталық Армения (Гюмриде) және Әзірбайжанда (Гянджада) ашылады екен. Глебованың сөздерінше, «Орыс тілі» мемлекеттік бағдарламасы аясында шетелде орыс тілін дамытуға 300 млн рубль бөлінген. Ресей президенті Владимир Путин Тәжікстанға барған соңғы сапары кезінде орыс тілін төмендетуді тоқтату керектігін айтқан.

Дереккөз: centralasian

Пікір қосу