Қазақ Ресей үшін соғысып болған. Оған кешегі өткен тарихымыз куә. 70-80 жылдардағы саяси тұтқын, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының ардагері  juldyz.kz тілшісіне осылай деп мәлімдеді. Саясаткердің айтуынша, бұл жерде Ресейдің Қазақстанның  сыртқы саясатына араласатындығы да көрініп тұр.  

Хасен Қожа Ахмет, желтоқсан ардагері: Біз Еуразиялық экономикалық одаққа  о баста бекер қарсы болғанымыз жоқ. Орыстың жүрген жері — соғыс. Бірінші,  екінші дүниежүзілік соғыста да орыстар үшін соғыстық. Оған Ауған соғысын қосыңыз.   Ресей басшылары өз мемлекетін ешқашанда бейбіт  түрде басқармаған.  Бұл мұсылманды мұсылманға қарсы салу ғой. Ресеймен бір одаққа кіргесін осылай болары да белгілі еді. Билік Сирияға әскер жіберуге көнсе, ертең  арабтармен қай бетімізбен сөйлесеміз. Ислам әлемін өзімізге-өзіміз қарсы қоямыз ғой. Әрбірден соң  бұл — қазақ пен қырғызды қыру. Қазір халқымыздың жағдайы да  мәз емес. Қайыр тілеп жүргеніміз аздай, енді бізді өзге елдің топырағында қырмақ па? Қазақстан шын мәнінде тәуелсіз мемлекет болса, Ресейдің айдауымен жүрмеуі тиіс.

Қазақстан мен Қырғыз Республикасының әскері Сирияға кіруі мүмкін деген ақпарат Ресей БАҚ-да жарялады. «Риа НОВОСТИ» РФ Мемлекеттің Думасыынң қорғаныс комитетінің төрағасы Владимир Шамановтың мәлімдемесін таратқан болатын. В. Шаманов қазақ және қырғыз жасақтарын Сирияға жөнелтуге қатысты келіссөздер жүріп жатқанын айтқан. Сондай-ақ, Түркия басшысы Режеп Ердоғанның өкілі Ибрагим Қалын да Түркияның жергілікті басылымына ресми Мәскеудің Қазақстан мен Қырғызстанға Сирияға әскер кіргізу туралы ұсыныс жасағанын растады. Қазақстанның қорғаныс және сыртқы істер министрлігі  әзірге бұған қатысты ешбір мәлімдеме жасамады.

Пікір қосу