ДЕГЕН ЕДІ…
Қазақстан президенті Н. Назарбаев отандық және шетел журналситтермен кездесу барысында елдегі маңызды нысандарға өз атын беруге қатысты үнемі пікірін бүкпесіз білдіреді. Мәселен, «Esquire» журналының шеф-редакторы Гүлнар Бажкенова: «Әлеуметтік желіде соңғы кезде сіз жайлы әндер, өлеңдер арналып, ескреткіштердің қойылғанын көп жазады. 91 бапқа өзгеріс еніп Конституцияға бірінші Президент мәртебесі енді. Бұғанс із қалай қарайсыз? Бұл сізге керек пе? Әлде, бұл осыны жасап жүрген адамдарға керек пе?» — деген болатын өз сауалында.
«Мен бұндай бастамаларды қолдамаймын!»
«Бұл маған керек емес. Мен бұл сөзімді үнемі айтып келе жатырмын. Билеушілердің кеңесшісі болған Марк Аврелийдің болашақ ұрпақ мені еске алмайды деп ойлайтындарыдың көзі тірісінде ескерткіштері орнатылды деген сөзі бар. Әйтседе, жасалған іспен қортынды жаслу керек. Қараңыз, бір кездері Ленин, Сталин ескерткішін қолдағандар болды. Сол адамдар кейін ескерктішті құлатты. Мен Президент болмаған кезде келешек ұрпақ мен әсер ете алмайтын шешім шығарса мен не істемекпін? Келісуім керек болады»,- дейді Нұрсұлтан Назарбаев.
«Назарбаев Университетіне ғана атымды беруге рұқсат бергенмін»
«Өйткені бірегей жоғарғы оқу орыны жасақталып жатқан еді. Барлық университеттерге үлгі болсын, қоғам мен үкіметтің назарына іліксін, тек университет қана емес ғылыми орталық болсын деген ниет еді. Сондықтан келістім. Ал одан өзгесіне келіскенім жоқ. Сондықтан, осы сәтті пайдаланып тағы да қайталап айтамын: маған бұл керек емес! Маған бұл ұнамайды. Саясатты да, әрбір адамды да оның ісімен бағалайды. Артынан не қалдырды. Осыны айтатын болады. Нені уайымдауым керек? Жаңа мемлекет құру үшін, оны әлем картасына түсіру үшін елімді басқару керек болды. Осы мемлекеттің жаңа астанасын салу керек болды. Сіз, қараңызшы, Астанаға – еліміздің мақтанышына», — деп сөзін түсіндеді Елбасы.
Дереккөз: today.kz 17 наурыз, 2017