Жақында режиссер Қанағат Мұстафиннің «Ең сұлу қыз» фильмінің түсірілімі аяқталған болатын. Комедиядағы басты рөлді тележүргізуші Әсел Асқар сомдайды. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Авторлардың жобалауынша, Әсел Асқар бірден екі кейіпкерді сомдаған. Актриса кімді сомдағанын «Бродвей» кинопорталына айтып берді.

«Ең сұлу қыз» фильмінің түсірілімінен сурет

«Ең сұлу қыз» — бұл менің толық метрдегі ұзақ күткен дебютім. Мен кастингтен өткен жоқпын. Мені режиссер Қанағат Мұстафин шақырды. Маған түсірілімнен бір апта бұрын хабарласып, басты рөлге бекітілгенімді айтқан болатын. Өзім таң қалдым әрі қуандым. Режиссер мен продюсердің менің қандай қасиеттерімді байқағанын білмеймін, бірақ маған сенім білдіргендері үшін қуаныштымын. Фильмде мен апалы-сіңлілі егіз қыздар – Лейла мен Мадинаны сомдаймын. Екеуі екі түрлі, сондықтан маған бір кейіпкерден екінші образға ауысу қиындау болды. Лейла салмақты, ебедейсіз бойжеткен болса, Мадина керісінше, азат әрі жігерлі қыз»,-дейді тележүргізуші.

«Ең сұлу қыз» фильмінің түсірілімінен сурет

«Ең сұлу қыз» фильмі – Бауыржан мен достарының хикаясының жалғасы. Комедияның сюжеті бойынша достар қалыңдық іздеуге шығады, бірақ бұл жолы Саматқа тауып беруді көздейді. Әселдің сомдауындағы апалы-сіңлілердің біреуі Саматтың ғашығына айналады.

«Ең сұлу қыз» фильмінің түсірілімінен сурет

«Мен Мұрат Бисенбин, Берік Айтжанов, Асан Мәжит, Қуаныш Долдаев секілді актерлармен жұмыс істегеніме қуанамын. Кинодағы тәжірибемнің жоқтығын ескеріп, түсірілім тобы маған ерекше қолдау білдіріп, көмектесті. Түсірілім тобы әрдайым достық қарым-қатынаста болды. Ең қиын көрініс мысықпен болды. Сценарий бойынша Лейла мысықтарды қатты жақсы көреді. Сол үшін мысықтардың қатысуымен де көріністер түсірдік. Бірақ, мен фильм түсірілімінің арқасында бұл жануарлардан қатты қорқатынымды түсіндім»,-дейді актриса.

 

Айта кетейік, Қанағат Мұстафин «Ең сұлу қыз» фильмінің түсіріліміне ағымдағы жылдың 12 мамырында кірісіп, 3 маусымда аяқтаған.

Пікір қосу