Испанияның жоғарғы соты «Барселона» футбол клубының шабуылшысы Лионель Мессиді 21 айға соттады. Оған себеп аргентиналық футболшы салықтан жалтарған екен. Бұл туралы Football Espana-ның Twitter-парақшасында жазылды деп хабарлайды juldyz.kz сайтының тілшісі.

Лионель Месси мен оның әкесі Хорхеге 2016 жылы салықтан жалтарды деген айып тағылған болатын. Әкелі-балалы аргенитиналықтар  2007, 2008 және 2009 жылдары 4,1 миллион еуроны құрайтын салықты төлемеген. Мессиге бұл қаражат  жарнамадан түскен.  Испания заңына сәйкес, 2 жылға дейінгі жаза мерзімі сынақ уақыты болып есептеледі. Яғни айыпкер  оны шартты жазаға алмастыра алады. Сондықтан, футбол жұлдызы  21 айын түрмеде өткізбейді.

Пікір қосу