Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының жаңартылған рейтингінде (WBA) бірінші ауыр салмақта маңызды өзгерістер болды, — деп хабарлайды Baq.kz. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

 

Sports.kz ақпаратынша, қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) WBA тұжырымы бойынша «тұрақты» чемпион титулынан айырылып қалды. Сөйтіп бұл атақ ұйымның «уақытша» чемпионы болған кубалық Юниер Дортикосқа (21-0, 20 КО) бұйырды.

Айта кетейік, Шүменов пен Дортикос сәуір айында қолғап түйістіруі керек еді. Алайда отандасымыздың жарақатына байланысты жекпе-жек болмайтын болды.

 

Пікір қосу