Әнші Ерке Есмахан тыңдармандарының арасында байқау жариялады. Ол жеңімпазға 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық беремін деп уәде етті. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Байқауға қатысқысы келетіндер Еркенің жаңа шыққан “Қайда?” әнін кавер нұсқада орындап, желіге жариялауы керек.

“Ал достар, сіздерге менің әнім ұнағанына өте-мөте қуаныштымын! Менде бір ұсыныс бар! “Қайда?” әніне кавер-версия жасасаңыздар, ол вайн, әнін өзгертіп, ритм өзгертіп, комедия, трагедия жасау, фантазияға шек жоқ! #ЕркеКайда тек осы xэштегке жіберіңіздер! Мен ұнағанын таңдап, 100 мың теңге сыйлық берем деп қоят дид! Мерзімі 2 апта! Ал, кеттік!”, – деп жазды Ерке.

Айта кетейік, әншінің хабарлауынша, байқау мерзімі 2 апта ғана екен.

 

Пікір қосу