Қазақстанның халық әртісі, актер Тұңғышбай Жаманқұлов шартты түрде жазалануы мүмкін. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап juldyz.kz порталы хабарлайды.
Мемлекеттік айыптаушы Жаманқұловқа 7 жарым жыл сұрағанымен, оны амнистия бойынша 3 жыл 9 айға қысқартуды өтінген. Әрі Халық әртісінің жасы ескеріліп, бұл жазаның өзіне шартты түрде кескен жөн деді. Прокурор оған шартты түрде 6 жыл кесуді сұраған.
Ал Тұңғышбай Жаманқұловтың өзі бүгінгі жарыссөзде тағылған айыпты мойындамайтынын айтқан.
Айта кетейік, «Феникс» фильміне бөлінген қаржының жымқырылуына қатысты сотта 9 адам жауап беріп жатыр. Олар 69 миллион қаржының 12 миллионын қайтарыпты.