Швеция хокейшілері финалда Канаданы жеңіп әлем чемпионы атанды. Бұл туралы juldyz.kz сайты хабарлайды.

Шайбалы хоккейден өткен 81-әлем чемпионатын Германия мен Франция мемлекеттері бірігіп қабылдады.  Финалдық ойын Германияның Кельн қаласында болды. Скандинавиялық команда буллит бойынша 2:1 есебімен жеңді. Негізгі ойында есепті швециялық спортшы Виктор Хедман ашты. Араға екі минут салып Райан О Райли есепті теңестіріп кетті. Булит сериясында тек Оливер Экман-Ларссонның шайбасы голға айналды. Канада 2016 жылы қол жеткізген чемпиондық атақтарын қорғай алмады. Ал шведттер осымен 10-шы рет әлем чемпионы атанып отыр.  Бұл әлем біріншілігінің қола жүлдесі Ресей құрамасына бұйырды.

Пікір қосу