Қазақы дәстүрлердің насихаттаушысы, Бауыржан Момышұлының келіні – Зейнеп Ахметованы қалың қазақ қайынатасы туралы жазған мемуар кітаптары мен мақалаларынан жақсы таниды. Оның жақын арада қазақ салт-дәстүрінің шығу тегін толыққанды түсіндіріп беретін жаңа кітабы шығатыны белгілі болды. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.
Зейнеп Ахметованың «Шуақыты күндер», «Бабалар аманаты» кітаптары оқырман арасында үлкен сұранысқа ие. Өмірдің өзі бейнеленген кітаптар жылы естеліктерге толы. «Жас Отан ньюс» инстаграм парақшасында оның бүгінгі күні белең алып кеткен, қазақ халқына бұрын-соңды жаттау болған «әдет-ғұрыптарды» жайлы айтылған сөздері оқырманды елең еткізді.
Үйлену тойларында дәстүрлі түрде жалғасып келетін гүл лақтыру және «Қы ұзату» тойындағы әкесімен «вальс» билеу және т.б. «дәстүрлерді» сынға алып, тойда жаңа түскен келінді төрге отырғызу, жартылай жалаңаш қалыңдық көйлегімен келінге беташар жасау, ата-енеге торт жегізу сынды той-томалақта ұлттық дәстүрге қайшы бірнеше әдеттерді атап өткен. Бұл ойларының барлығын жазушы Қыздар педагогикалық университетінің студент жастарымен болған кездесуде жеткізген.