Еліміздегі жас әрі болашағын зор үміт күттіретін 10 актрисаны «Бродвей» кинопорталына сілтеме жасап juldyz.kz порталы назарларыңызға ұсынады.
1. Динара Бақтыбаева
Динара актер Жандос Айбасовтың ғашығының рөлін сомдап, «Он и она» романтикалық комедиясында дебютті қадам жасаған. Осы картинадан кейін актриса танымалдылыққа ие бола бастады. Оны түрлі жобаларға шақыра бастады. Бірақ, соңғы үш жыл Динара мансабы үшін жемісті болды. Ол «Super Той», «Қазақ хандығы. Алмас қылыш», «Питерден келген оралман», «Желіде» атты 5 толықметражды картиналарында және қырғыз режиссерінің «Үш лимон» фильмінде ойнады. Brod.kz-ке берген сұхбатында жас актриса өзін арт-хаусты кинода сынап көргісі келетінін айтқан.
2. Дина Тасболатова
Оның актерлік дебюті 2011 жылы «Үмітіңді үзбе» фильмінде басталды. Одан кейін «М-агент», «Офицердің ар-намысы», «Даңғыл жол» кинотаспаларында төбе көрсетті. Биылғы жылы актрисаның қатысуымен «Питерден келген оралман» музыкалық комедиясы жарыққа шықты. Сәл кейінірек көрермендерге «ПроЯвление» триллері ұсынылатын болады. Бұл туындыда Тасболатова Жанел Мақажанмен бірге ойнаған. Бір кездері Дина бала күнінде дипломат өкілі болуды армандағанын айтқан еді. Бірақ, саяси қызметке ол жолай қоймады. Бүгінгі күні бойжеткен өзін режиссурада сынап көрмек.
3. Жанел Мақажан
Актриса Жанел Мақажан 15 жасында Рүстем Әбдірашевтың «Жандану аралы» («Остров возрождения») көркем фильміне түсіп, дебют жасаған болатын. Мансаптағы біраз үзілістен кейін, «Сырғалым», «Ауылдан қашу» хикаяларындағы рөлдерімен танымал бола бастады. Ал биылғы жылы көрермен назарына атышулы «Тоқал» фильмі ұсынылды. Актриса бұл картинада басты рөлді – Камилланы сомдаған болатын. Жақында ғана Жанел «ПроЯвление» триллерінің түсірілімін аяқтады, актриса ол жақта да басты рөлді сомдаған.
4. Іңкәр Әбдіраш
Бойжеткеннің кинематографяға деген махаббатын әкесі — режиссер әрі сценарист Рүстем Әбдірашев оятты. Қазіргі таңда актрисаның қоржынында «Қыздар», «Жаным», «Ауылдан қашу» хикаялары, «Махаббат тәлкегі», «Алдар-Көсе», «Супер-Баха», «Елбасы жолы. Отты өзен» кинотаспалары секілді бірнеше фильмдер бар. Соңғы рет түскен картиналарының бірі «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» тарихи драмасы болды. Іңкәр бір сұхбатында әлі де өзінің бар талантын көрсететін үлкен рөлді күтіп жүргенін айтқан болатын
5. Айым Сейітметова
Бойжеткен танымал қазақстандық актерлар Данагүл Темірсұлтанова мен Азат Сейітметовтың отбасында дүниеге келген. Айым бой жеткен соң ата-анасының жолымен жүруді құп көріп, 2015 жылы «Жібек» хикаясына түседі. Айта кету керек, бұл жобаның телекөрермендер арасында танымал болғаны соншалық, екінші маусымы да түсіріліп үлгерді. Актриса телефильмдермен ғана тоқтап қоймай, өз жолын кинода жалғастырды. Ол 2016 жылы жазда «Мажорлар» толықметражды картинасына түсті. Жас актрисаның дарынын қазақстандықтар маусым айында бағалай алатын болады.
6. Салтанат Науруз
Театр және кино актрисасы кәсіби білімді Лос-Анджелес пен Нью-Йоркте алған болатын. Ол отандық кинематографияны бағындыру үшін туған жеріне оралады. Салтанат «Оберон қастандығы», «Қазақша тонау» фильмдеріне және «№6 істің куәгері» партизан киносына түскен. Биылғы жылы Әділхан Ержановтың «Таңсәрі» атты жаңа туындысына қатысты. Актрисаның алдағы уақытта тағы да қандай жаңалықтарымен таң қалдыратынын жақында білетін боламыз.
7. Айжан Байзақова
«Ғылыми-танымдық фильм режиссері» мамандығын бітірген, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА түлегі Айжан алғаш рет 2010 жылы «Жаным» хикаясына түскен. Бірақ, үлкен кинодағы бірінші рөлін Азамат Сатыбалдының «Бір сен үшін» картинасында сомдады. Жас актриса жағымсыз кейіпкерді қуана-қуана сомдайтынын жасырмай айтып берген болатын.
8. Толғанай Талғат
Республикалық академиялық драма театрының актрисасы «Қарапайым адам» («Обыкновенный человек») қысқаметражды таспасында өзінің алғашқы рөлін сомдады. Толғанай осы рөл үшін Saryarka short film festival-інде аталып өткен болатын. Ол биылғы жылы алғаш рет режиссер Ольга Коротьконың «Жәй ғана қыс» («Так себе зима») толықметражды картинасына түсті. Осы арқылы Қазақстанды «Berlinale talents» атты Берлин кинофестивалінде таныстырды.
9. Карина Хурамшина
Карина 2009 жылы «Жылуды аңсаймын» («Хочу тепла») көркем фильміне түсіп, киноға дебютті қадам жасаған болатын. Ал бір жылдан соң «Милюндзья» картинасында басты рөлге ие болады. Екі толықметражды картинаға түскеннен кейін актриса хикаяларға да қатыса бастады. 2016 жылы «04:29» драмасында Ажардың рөлін сомдап, Карина көрерменнің есіне өзін тағы бір салды. Биылғы жылы оның қатысуымен «Шақырылмаған» («Незваный») интерактивті хикаясы жарыққа шығады. Каринаның музыкалық білімі мен журналистік дипломы бар. Алайда, бойжеткеннің актерлік саланы жалғастырмақ ойы бар.
10. Мариям Сатаева
Бойжеткен бала күніне бері кино әлемімен өмір сүріп келеді, өйткені ол режиссер Ақан Сатаевтың қызы. Актриса ретінде ол өзін «Районы» фильмінде сынап көрді. Актрисаның айтуынша, түсірілім топ тарапынан оған жеңілдіктер жасалған жоқ. Мариям басқа да үміткерлер секілді бірнеше кезеңнен тұратын қатаң кастингтен өткен. Қазіргі таңда бойжеткен Темірбек Жүргенов атындағы колледжде графикалық дизайнер мамандығын оқып жатыр.