9 мамырда Астана қаласында «Жаужүрек полкі Астана – әлемдік марш» («Бессмертный полк Астаны – марш мира») шеруі өтеді. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

1941-1945 жж. соғысқа қатысқан азаматтардың ұрпақтары Астана көшелерімен жүріп өтеді. Бұл ақпарат Астана әкімдігінің ресми сайтында жарияланды. Шараға қатысу үшін алдын ала арнайы тіркелудің қажеті жоқ. Қатысушылар транспаранттар мен соғыс ардагерлерінің үлкен суреттерін алып шеруге шыға алады. Акция соғыста ерлік көрсеткен ардагерлерді еске алу үшін ұйымдастырылады және оған кез келген азамат қатыса алады.
Әзімбай Ғали

«Өлмес пол» («Бессмертный полк) – қозғалысы 2011 жылы Ресейдің Томск қаласында құрылған. Ондағы мақсат Ұлы отан соғысының қаһармандарын ұмытпау және ерліктерін насихаттау. Бұл қозғалыс Қазақстанда 2013 жылы пайда болды. Саясаттанушы Әзімбай Ғалидың айтуынша, Қазақстанда 2-дүниежүзілік соғыстың мазмұны өзгеріп,орыстармен синхронды болмау тиіс. Мұндай шараны ұйымдастыру Ресейді қолдау, Путинның саясатын қолдау деген сөз дейді. – Екінші дүниежүзілік соғыста қазақ азаматтары еуропаны, Ресей, т.б мемлекеттерді фашизімнен азат етуге қатысты. Майданда менің бір ағамда опат болды.Қазір жағдай басқаша. Ресей агрессор мемлекет. Украинаның жерін тартып алды. Сондықтан бұл акцияның мазмұны өзгеріп тұр. Ол жерде сепаратистік ленталар (георгий лентасы) тағылады. КСРО-ның қызыл туымен көшеге шығады.Қызыл ту отарлаушы елдің мемлекеттік рәмізі болды ғой. Бұл жерде отаршылдық насихатталады, – дейді Әзімбай Ғали.

«Жаужүрек полкі Астана – әлемдік марш» («Бессмертный полк Астаны – марш мира») үйлестірушісі Аида Баймақова өз шараларында георгий лентасының тағылып, КСРО символикаларының болғанын жасырмайды.

Аида Баймакова

– Біздің акцияда жарнамалық және қозғалысымыздың мақсатына қатысы жоқ символикаларға тиым салынады. Ал қызыл туды ұстап шығуға тиым сала алмаймыз. Себебі ол туды батырымыз Р. Қошқарбаев та көтеріп Рейхстагқа тікті емес пе! Лентаға келетін болсақ, біз ешқандай да ленталарды таратпаймыз. Астана әкімдігі туымыз тстес көк лентаны таратады. Шеруге Георгий лентасын адамдар тағып келсе, өз еркі. Онда адмдарды шараға қатыстырмай қоятындай біздің құзырымыз жоқ. Байқасаңыздар біздің транспарантарымызда георгий лентасы бейнеленбеген. Былтыр георгий лентасы,қызыл тумен шарамызға қатысқан белсенділер болған, – дейді Аида Баймақова.

Тарихшы Бейбіт Қойшыбаев басқыншылықты патриотизм деп есептейтін Ресейдің кез-келген бастамасын бірден қолдай кетуге болмайды. Олардың қандайда бір акцияларында шовинисттік пиғыл бар деген пікірде.

Бейбіт Қойшыбаев

– Екінші дүниежүзілік соғыста біздің аталарымыз соғысты. Ең көп белорустар қырылды. Сосын қазақтар. Мен бұл жерде пайыздық тұрғыда айтып отырмын.Менімше бізге қазір «Түркістан легионын» есте шығармау керек. Жекелеген адамдар болмаса толықтай «Түркістан легионын» ақталмады. Екі тоталитарлық жүйенің ортасында қалып қойды. Олар да екінші дүниежүзілік соғысының құрбандары. Неге солардың әруағына тағзым етпеске.Иә, Түркістан легионынында болғандар майданға дайындалды. Бірлі жарымы ғана соғысты деген дерек бар. Көбі тұтқында өлді. Рас, большевиктерді жек көрді. Бірақ та олардың қатарында қазақтың азаттығын аңсаған азаматтар болды ғой. Ресейден бастау алатын өлмес полк сынды акциялардан гөрі Түркістан легионын толық ақтауды қолға алып, ғылыми жұмыстар жасау қажет, – дейді тарихшы Бейбіт Қойшыбаев.

Айта кетейік, 9-мамырда өтетін шеру «Қазақ елі» монументінен басталып, «Отан қорғаушылар» мемориалында аяқталады. Биылғы марштың жолы 2,5 шақырымды құрайды, жалпы жүріп өтетін жол 3,6 шақырым.
«Қазақ елі» монументінің жанында жиналу уақыты: сағат 12.00
Қозғалу уақыты: 13.00

Пікір қосу