Сабыр Рақымов 1902 жылы 25 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Көкібел ауылында дүниеге келген. Ол Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан тұңғыш генерал, Кеңестер Одағының батыры.

Балалық шағы

Сабыр Рахымов Ташкенттегі балалар үйіне орналасады. Анасы да, әкесі де қайтыс болған Сабырды нағашы ағасы өз атына «Сабыр Рақымов» деп жаздыртып алады. Ол Ташкентте оқып тәрбиеленеді. 1919 жылы Ташкенттегі тоқыма фабрикасына жұмысқа тұрады. Бұл фабрикада екі жылдан аса жұмыс істейді. Әрі комсомол ұйымының белсенді мүшесі болады. 1922 жылдың қараша айында оны озат жұмысшы ретінде Бакудегі Біріккен әскери мектепке оқуға жолдамамамен жібереді. 1925 жылы осы әскери мектепті Сабыр үздік бітіргеннен соң Самарқанға әскерилер дивизиясына жіберіледі.

Еңбек жолы

Сабыр эскадрон командирі болып, ары қарай қызметін жалғастырады. 1933-1937 жылдары Ташкент қаласындағы әскери комиссариатта бөлім бастығы, кейін сол комиссариаттың бастығы болады. Жалпы, Өзбекстандағы әскери бөлімдердің қалыптасуына, скери құрамдарының құрылуына бұл кісінің еңбегі зор. Алайда, 1937 жылы тұтқындалады. 14 ай абақтыда отырады.

Отбасы

Ялтадағы шипажайда ем алып, сосын Ташкентке келгеннен кейін Әмина деген қырым театрының қызына үйленеді. Әмина бір кездері өзі тәрбиеленген жетімдер үйінің директоры Ш.Хасановтың қызы болған. Алайда, екеуінен ұрпақ болмайды. Сосын олар екі жасар Ыдырыс деген баланы асырап алады. Өкінішке орай, ол бала да жеті жасында қайтыс болады.

1944 жылы Құралай есімді аруға үйленеді. Құралай әйгілі революционер Әліби Жангелдиннің қызы. Сабыр басқарған 37-дивизияның медициналық бөлімінде қызмет істеп, майдан даласында бірге жүрген. Екеуінен Дарико жне Роман деген егіз ұл мен қызы бар.

Ұлы Роман 1971 жылдан бері Мәскеуде тұрады. Алғашында Ташкентте, кейін Мәскеуде жұмыс істеген. Қазір зейнетте, үш қызы бар. Қызы Дарико армия генералы П.И.Батовтың келіні болып, Қиыр Шығыстағы Магадан қаласында тұрған. Сол жақта қайтыс болған.

Марапаттары

Сабыр Рақымов жауынгерлік ерліктері үшін Ленин орденімен, 4 мәрте жауынгерлік Қызыл Ту орденімен (бір ескеретін жәй, Ұлы Отан соғысына дейін мұндай орденмен 4 мәрте Кеңес елінің әйгілі қолбасшысы К.Блюхер ғана марапатталған болатын), 2-ші дәрежелі Суворов, 2-ші дәрежелі Кутузов орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Кеңес елінің маршалы А.Гречко қазақ генералының әскери талантын жоғары бағалаған. И.В.Сталиннің өзі Солтүстік Кавказды фашист басқыншыларынан азат етудегі ерлігі мен әскери шеберлігіне тәнті болып Рақымовты «темір тегеурінді генерал» деп бағалаған. 1966 жылы Польша мемлекеті жаңа жасалған кемеге С.Рақымов атын береді. Кеңес елінде бейнесі кескінделген почта конверті де шығарылады.

Пікір қосу