Қытайда өткен «I am a singer» атты танымал конкурста жүлделі екінші орынға ие болған қазақ елінің мақтанышы Димаш Құдайбергеннің құрметіне Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында  бір қауым ел жиналды. Концерт залға қызыл кілеммен жүріп келген Димаш Құдайбергенді халық үлкен қошеметпен, «Қазақстан, алға, Димаш, самға!» ұранымен қарсы алды. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Кәсіби әншілер бақ сынаған жобада Димаштың вокалы, ән айту шеберлігі мен ерекше дауысы миллиард қытайлықтың ғана емес, бүкіл әлемді мойындатты. Қытай тұрғындары сондағы  «мен» деп жүрген өнерпаздар  өздерін «караоке әншілері» екендіктерін байқатып алғандығын және Димашты «Тәңірдің назарына ілінген әнші» деп жазған. Қытайдағы «қазақтың қанаты» болған Димашты таңертеңнен асыға күткен. ОКЗ кіреберісінде халық флешмоб ұйымдастырып, жүзден астам адам жүрек жасаған.

 

Мерекелік кешті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы құттықтау сөзімен ашты. Әйгілі айтыскер ақын Жансая Мусина есімі барша әлемге танылған отандасына салтанатты арнау  және әнші Ұшқын Жамалбек Димашқа арналған әнін орындады. Кештің құрметті қонақтарының қатарында Димаштың ата-анасы – елімізге танымал музыканттар Светлана және Қанат Айтбаевтар, оның ата-әжесі, сонымен қатар бүгінде шәкіртімен мақтана алатын ұстаздары да болды.

Сондай-ақ, Димаш Құдайберген жастарға үлкен мүмкіндік беретін, әлемдік сахналарға жол ашатын Елбасының саясатына ризашылығын жеткізді. Жарайсың, Димаш!

Пікір қосу