Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы Секретариатының шешімімен бірнеше қаламгерге «Алаш» әдеби сыйлығы берілді. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

«Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері:

Асанбаев Зәкір — «Ешкім білмейтін айла», «Маэстро», «Ән-ғұмыр» атты шығармалары үшін;

Ашықбаев Ертай — «Әскерден келген студент», «Туған күн» атты өлеңдер жинағы үшін;

Жанболат Сұлтан — «Біз» шығармалар жинағы үшін;

Жаленова Қатира — «Сырдан ұшқан қарлығаш» өлеңдер жинағы үшін;

Қыдырханұлы Уақап — «Өз елім — өзегім» естелік, эссе, деректі әңгімелер жинағы үшін;

Негимов Серік — «Мәлік Ғабдуллин» филологиялық-деректанулық зерттеу еңбегі үшін;

Сәттібайұлы Көсемәлі — «Аран» әңгімелер жинағы үшін;

Тұрлыбек Доқтырхан — «О дүниеден келген өкіл» сатиралық әңгімелер жинағы үшін;

Үсенбаев Болат — «Киікоты» өлеңдер жинағы үшін;

Шаяхметов Ақылбек — «Сөз» өлеңдер жинағы үшін;

Қазақ әдебиетін насихаттаудағы еңбегі үшін:

Әрін Әміре — ақын;

Мехмонқұл Исламқұлов — жазушы, аудармашы, Өзбекстандағы Қазақ әдебиеті жөніндегі кеңестің жауапты хатшысы;

Эльхан Зал Қараханлы — жазушы, аудармашы, «Шынар» әдеби журналының бс редакторы, халықаралық Махмуд Қашқари атындағы қордың президенті;

Метлицкий Николай Михайлович — ақын, аудармашы.

Біз де бұл қаламгерлерді құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!

Пікір қосу