«Қазақфильм» киностудиясы Балуан Шолақ туралы фильм түсіріліміне дайындық үстінде. Бұл туралы brod.kz-ке сілтеме жасап juldyz.kz порталы хабарлайды.
Киноның режиссері өткен жолдары «Зұлмат» және «Біздің ауыл — во!» картиналарын түсірген — Нұргелді Садығұлов.
Толықметражды картинаның негізіне Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының репертуарындағы «Жаужүрек» пьесасы арқау болған. Киносценарий авторы — Дулат Исабеков. Болашақта түсірілетін кинотаспаны нақтылау үшін жобаға кеңесшілер ретінде кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов, қазақ балуаны Бейбіт Ыстыбаев және т.б. шақырылды.
Айта кетейік, фильм авторларының айтуынша, түсірілім тобы толық ұйымдастырылып қойған. Оның құрамына қоюшы-оператор Ренат Қосай, көркемдік жетекші Сатыбалды Нарымбетов пен дыбыс режиссері Мақпал Құрсабаева кірді.