Анаға апарар жол

«Анаға апарар жол» фильмі «Ақ ілбіс» киножүлдесінің бас жүлдесіне ие болды. Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі хабарлайды, — деп жазады juldyz.kz порталы.

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның «Новый мир» ЖШС-нің қатысуымен түсірген «Анаға апарар жол» фильмі Бішкекте өткен «Ақ ілбіс» атты VI ұлттық киножүлдесінде Орталық Азияның үздік фильмі атанды», — делінген хабарламада.

Бас продюсер Әлия Назарбаева мен режиссер Ақан Сатаевтың бірлесіп шығарған «Анаға апарар жол» атты туындысы үш номинация бойынша, атап айтсақ, «Орталық Азияның үздік фильмі», «Орталық Азияның үздік актері» (үміткер болған — актер Әділ Ахметов), «Орталық Азияның үздік актрисасы» (үміткер болған — актриса Алтынай Нөгербек) номинациялары бойынша қатысқан.

Бұл туралы режиссер Ақан Сатаев өзінің Инстаграм парақшасында жазды.

«Түсіру тобын осы жеңіспен құттықтаймын. «Анаға апарар жол» — Орталық Азияның үздік фильмі»,  — деп жазды режиссер Ақан Сатаев өзінің Instagram парақшасында.

Ұлттық жүлдені режиссер Ақан Сатаевқа қырғыздың кинорежиссері, Қырғызстан Республикасының халық артисі, аталмыш премияның құрылтайшыларының бірі Артықбай Сүйіндіков және Лос-Анжелестегі азиялық кинофестивалінің үйлестірушісі Әсел Шерниязова табыстады.

Пікір қосу