Белгілі әнші Ернар Айдарға ота жасалды. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Алайда, дәрігерлер әншінің қай жеріне ота жасалғанын нақтыламады.

«Қазір оның жағдайы тұрақты орташа. Ота жасалды», — дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, белгілі әнші Ернар Айдар жол апатына түскен болатын. Оқиға 12 сәуірде Алматы-Шымкент тасжолында болған. Жазира Еркіннің айтуынша, Ернар Айдар ағасымен бірге үйлеріне қайтып бара жатқан. Ауа райы нашар болғандықтан Toyota Land Cruiser 200 жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен.

Пікір қосу