Алматы қалалық сәулет және құрылыс жөніндегі мемлекеттік бақылау басқармасы Sivi лаундж-барының иелерін сотқа берді, — деп жазады ҚазАқпарат. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Лаундж-бар орналасқан №16 тұрғын емес үй болып саналатын ғимараттың қожайыны – жеке кәсіпкер Рүстемова Анар Төлегенқызы. Бұл туралы Алматы қалалық сәулет және құрылыс жөніндегі мемлекеттік бақылау басқарма басшысы Қайыржан Жақсымбаев мәлімдеді.

Тексеріс барысында №20 пәтер мен №16 ғимараттың қайта жабдықталып, ішкі жоспарлауының өзгертілгені анықталды. Бұдан өзге, құрылысқа жанама ғимарат қосылған. Жеке кәсіпкер өз бетінше әкімшілік өндіріспен айналысқаны үшін айыпталып, ақырында ол 520 айлық есептік көрсеткіш түрінде (1 179 880 теңге) айыппұл төлеуге міндеттелді.

Сонымен бірге, 3 сәуірде басқарма Бостандық аудандық сотына заңсыз салынған пәтерге жапсарлас ғимаратты бұзу туралы арыз түсірген.

«Бұдан бөлек, 2017 жылдың 3 сәуірінде басқарма №20 пәтерге заңсыз жапсарлас ғимарат салу ісі бойынша Бостандық ауданының сотына арыз түсірді», – деп хабарлады әкімдіктегілер.

Айта кетейік, бұл лаундж -барды әнші Сиви Махмуди өзінің туған күнінде ашқан болатын.

Пікір қосу