Туған жылы:27.07. 1946
Отбасы:
- Анасы: Қамия
- Әкесі: Оңғарбай
- Жұбайы:Татьяна
- Ұлдары: Тимур, Михаил
Білімі:
1969 жылы Армавирдегі ұшқыштардың жоғары әскери авиациялық училищесін бітірді.
1976 жылы КСРО Авиация өнеркәсібі министрлігінің сынақшы-ұшқыштар мектебін аяқтады.
1979 жылы Мәскеу авиация институтын бітірді.
Еңбек жолы:
1969 – 1975 КСРО Әуе Күштерінде ұшқыш, звено командирі, штурман – авиация эскадрильясы командирінің орынбасары
1975-1976 Ұшқыш-сынақшы, ҰСМ тыңдаушысы
1976 Улан-Уде авиациялық зауытының ұшқыш-сынақшысы
1976-1991 А.Микоян атындағы конструкторлық бюросында ұшқыш-сынақшы
1986 «Тбилиси»авиатасығыш крейсеріне МиГ-19К ұшағын қондырып, сол жерден әдеттегі жүйе бойынша әлемде тұңғышрет трамплиннен ұшып шықты. Бұл ұшу бірден Гиннестің рекордтар кітабына енді.
2 қазан 1991 жылы зерттеуші ғарышкер есебінде «Союз ТМ-13» ғарыш кемесіменғарышқа ұшты.
10 қазан 1991 жылы апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеп, Жерге қайтып қонды.
1992 (Наурыз-тамыз) ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитеті Төрағасының бірінші орынбасары.
1992 Авиация генерал-майоры
1992-1993 ҚР Қорғаныс Министрінің бірінші орынбасары
1993 Ғарышты зерттеу агенттігінің Бас директоры – ҚР ғылым менжаңа технологиялар министрінің орынбасары
1993-1994 Ұлттық Аэроғарыш агенттігінің Бас директоры
1994-1995 ҚР Жоғарғы Кеңесінің қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы
1996-1997 ҚР Президентінің Көмекшісі
1997-2000 ҚР Президентінің Кеңесшісі
2000-2001 Қауіспсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары
2003 Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты
2006 Азаматтық авиация академиясының Құрметті профессоры
2010 Тұран-Астана Университетінің профессоры
2012 Қазақстан темір жолы президентінің кеңесшісі
Марапаттары:
Кеңес Одағының Батыры
Австрияның «Алтын Крест» орденінің иегері
Халық Қаһарманы
Отан ордені
Алтын жұлдыз
«Ғасыр саңлағы» атағы
Ғарышта өтеген мерзімі – 7 күн 22сағат 13 минут