Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам келесі кездесуге дайындалу үшін АҚШ-қа аттанды. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып juldyz.kz порталы хабарлайды.
Бұл туралы боксшының PR менеджері Берік Сұлтан өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Қанат Ислам келесі жекпе-жегіне дайындықты бастау үшін АҚШ-қа аттанды. Бұйыртса жақын арада жекпе-жек уақыты мен қарсыласын жариялаймыз! Алға, Қазақтың Қанаты!!!», — деп жариялаған парақшасында.
Айта кетейік, Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің соңғы жекпе-жегін 18 ақпан күні АҚШ-тың Делавэр штатының Уилмингтон қаласында өткізіп, бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Келесі кездесуін ол мамыр айына жоспарлап отыр. Әзірге қарсыласы белгісіз.