WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин «Канеломен» қыркүйекте жұдырықтасу үшін Сондерспен маусымда өтетін жекпе-жегінен бас тартты, — деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы juldyz.kz порталы жазады.
Басылымның мәліметінше, Головкиннің командасы орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Сондерспен келіссөздер жүргізген. Олардың жекпе-жегі Қазақстанда 10 маусымға белгіленген болатын. Алайда көптеген дереккөздегі мәліметтерге сүйенсек, Головкин қыркүйек айында мексикалық боксшымен өтетін жекпе-жек үшін маусымдағы кездесуден бас тартып отыр. Тараптар қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, осыған дейін Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен келіссөздердің созылып кетуін Головкиннің жарақат алуымен байланыстырған еді. Алайда қазақстандықтың бапкері Абель Санчес бұл мәліметті жоққа шығарған болатын.
Ал «Канелоның» промоутері Оскар Де Ла Хойя болса, Головкиннің маусымда жекпе-жек өткізу туралы жоспарын қолдамайтынын бірнеше рет мәлімдеген еді. Промоутердің айтуынша, Головкин маусымда өтетін кездесуде жарақат алып қалып, қыркүйекте мексикалықпен жұдырықтаса алмай қалуы мүмкін.