Белгілі режиссер Тимур Бекмамбетов «Алғашқылар дәуірі» атты жаңа фильмін таныстырды. Бұл туралы «Гәкку» арнасына сілтеме жасай отырып juldyz.kz порталы хабарлайды.

«Өте қуаныштымын. Фильмді бірден екі тілде — қазақ және орыс тілдерінде жасау мүмкіндігі туғанда бұл мен үшін өте маңызды болды. Мұның символдық та маңызы бар, себебі мен Қазақстанда туып, 17 жасыма дейін осында өстім. Сол уақыттарда қазақ тілінде фильмдер жоқ еді. Аударылмайтын да, назар аударыла да бермейтін еді. Салдарынан өз тілінде өте нашар сөйлей алатын мен сияқты адам пайда болды. Шынымды айтсам, актерлерді мен бекіткен жоқпын, осындағы жұмысшылардың кәсібилігіне сендім», — деді Тимур Бекмамбетов

Осындай тарихи жоба бүгіннен бастап үлкен экранға жол тартады. Айта кетейік, картина тек орыс тілінде ғана емес, қазақ тіліне де көрсетіледі. Дубляж режиссері талай Дисней фильмдерін қазақша сөйлеткен Айжан Жәмшейітова.

«Мен үшін үлкен, әрі маңызды жоба болды. Өйткені, Қазақстанда 17 жыл тұрып, ана тілімді үйреніп үлгермедім. Себебі, қалада ол кездері тіл үйрену қолға алынбаған еді. Сондықтан, бұл символикалық шара десем де болады. Осы аударма арқылы қазақ тілін көптеген бала үйренер деп сенемін», — деді Тимур Бекмамбетов.

Пікір қосу