Қазақстанның Ресейдегі елшісі шетелдік әріптестерін қабылдады. Бұл туралы tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып juldyz.kz хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов 5 сәуірде Ресейдегі Босния және Герцеговина елшісі Мустафа Муезинович пен Экваториалды Гвинея елшісі Хосэ Эсоно Мичу Акенганы қабылдады.
Мустафа Муезиновичпен кездесу кезінде екі жақты инвестициялық ықпалдастық мәселесі талқыланды. Иманғали Тасмағамбетов қонақты Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық модернизация барысымен және еуразиялық интеграцияның маңызды тұстары туралы баяндап берді. Хосэ Эсоно Мичу Акенгамен кездесу барысында елдердің екі жақты дипломатиялық қатынастарын дамыту талқыланды.
Тасмағамбетов қонағын халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне шақырды.
Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов 2017 жылдың 3 ақпанында Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды. Нұрсұлтан Назарбаев бұл тағайындау Тасмағамбетовтың өз сұранысымен болғандығын айтқан еді.