Forbes нұсқасы бойынша қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Forbes нұсқасы бойынша ең табысты Pound-For-Pound боксшыларының тізімінде екінші орынға тұрақтады, — деп жазады Vesti.kz. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

GGG бірінші орта салмақтағы мексикалық Сауль «Канело» Альварестен (48-1-1, 34 КО) қалып тұр. Ал үздік үштікті WBA (Super), WBO және IBF тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы америкалық Андре Уорд (31-0, 15 КО) қорытындылады.

Ал енді Forbes нұсқасы бойынша ең табысты Pound-For-Pound боксшыларының толық тізімін ұсынамыз: 1. Сауль «Канело» Альварес; 2. Геннадий Головкин; 3. Андре Уорд; 4. Владимир Кличко-ЭнтониДжошуа; 5. Мэнни Пакьяо; 6. Кит Турман; 7. Сергей Ковалев; 8. Деонтей Уайлдер; 9. Василий Ломаченко; 10. Теренс Кроуфорд; 11. Дэниэл Джейкобс; 12. Эдриэн Бронер; 13. Келл Брук; 14. Майки Гарсия; 15. Эррол Спенс.

Айта кетейік, Головкин 18 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобспен өткен кездесуде 2,5 миллион доллар алған болатын. Бұл оның мансап жолындағы ең қомақты гонорар. Сондай-ақ, бұл тізімде Головкиннің бұрынғы қарсыласы ұлыбританиялық Келл Брук бар.

Пікір қосу