Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ фармокологиялық нарық қалыптасқан соң елімізде дәрі-дәрмек арзандауы мүмкін. Бұл туралы 24.кз арнасы хабарлайды, — деп жазады juldyz.kz порталы.
Алматыда өткен халықаралық дәрі-дәрмек нарығын бақылауға арналған конференцияда осындай тұжырым жасалды. Басқосуға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения мен Белорусьтен келген фармацевт мамандар қатысты.
Жаңа тәртіп бойынша дәрі-дәрмектерді тіркеу Қырғызстан тарапы келісімшартқа қол қойған соң басталады.
Вячеслав Локшин, халықаралық дәрі-дәрмек өндірушілер қауымдастығының төрағасы: — Ортақ фармацевтикалық нарық қалыптастырған кезде біз қазіргідей 17 млн емес, 185 млн халықты қамтимыз. Бұл жағдай дәрі өндірушілердің кәсібіне қолайлы. Бағасы да қолжетімді, арзан болады деп ойлаймын.
Айта кетейік, қазір ел нарығында 7 мың түрлі препарат бар. Солардың тек 17 пайызы ғана отандық өнім.