Ұлттық валюта бағамы 31 наурыздағы KASE қор биржасының таңғы саудасында нығайды. Бұл туралы tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып, juldyz.kz порталы хабарлайды.
Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 313,76 теңгеге тең болды. Еске салайық, 30 наурыздағы күндізгі сессияда доллар бағамы 314,79 болған.
Таңғы сауданың бірінші келісімі 314 теңгемен өтті. Максималдық құны 314,05 теңге болды, ал минималдық құны — 313,5 теңге. Сауданың жалпы көлемі 68,9 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 313,5-314,5 аралығында.