Тойға бармайтын әнші бола ма? Той үшін арнайы ән жазатын, той үшін шығармашылығын дамытатын кімдер? Ендеше juldyz.kz порталы toiduman.kz-ке сілтеме жасап «тойшыл әншілер» қатарын назарларыңызға ұсынады.

Қыз ұзату тойларына қатысудан рекорд жасауға таяп қалған әнші Жазира Байырбекова, енді «тұсаукесерлер» нарығын жаулап алмақ. 

Жазира Байырбекова:

— Соңғы кезде мені тұсаукесерлерге жиі шақырады. Менде осы тақырыпқа сай орындайтын арнайы ән жоқ екендігі ыңғайсыз болды халықтан. Сондықтан «тұсаукесер» салтына арнап ән жаздырдым, жақында оған бейнеклип те түсіремін. Жалпы, қай әнші өтімді, соған халық арасында тойға сұраныс көп. «Тойға көп шығады, тойдың әншісі» деген пікірлерге намыстанбаймын.

Роза Әлқожаның жақында жарыққа шыққан «Балапан» әнінен кейін тойға шақырушылар қатары күрт көбейіп кетіпті.

Роза Әлқожа:

— ОҚО, Алматы, Оңтүстік шығыс, Жаңарқа өңірлерінің сүйікті әншісімін. Сол жақтағы халық тойларына жиі шақырады.

 

 

Қарақат Әбілдина:

— Арнайы құрметтеп, алдын-ала шақырып жатса, ондай тойлардан қалмаймын. Күніне 5-6 тойға шығып, ана тойдан мына тойға шауып жүретін кей әншілерімізді білемін. Тойға олай жиі шығу, денсаулыққа да кері әсері бар деп ойлаймын.

Қайрат Нұртасты қалталылар көп шақырады. Оның кез келген әні – кез келген тойға жарасады. Ал тойшыл қауым той үстінде әншімен жарыса суретке түсуге құмар. «Ә» — деп ауыз ашқаннан тойдың жұлдызына айналған, Төреғали Төреәлі де аталмыш тізімде.

 

Ал Бүркіт пен Аишаның қай әнін алып қарасақ та дүбірлі думанда ессіз билетіп ала кететін ырғақта жазылады.  Отбасы идеологиясын әдемі насихаттайтын бұл жұпқа көз тимесін. Тойға шықпаймын деп тәкаппар сөз тастайтындардың өзін талай тойда көріп жүрміз. Ендеше шын қуаныштың, тыныш та бақытты, бейбіт өмір, молшылықтың белгісі – той көп болсын.

Пікір қосу