«Меломен» тобының әншісі Қайрат Мырзаханов әке атанды. Бұл туралы әнші желідегі парақшасына жазды, — деп хабарлайды juldyz.kz.
«Сүйкімдім, ініңнің өмірге келуімен! Алла перзент сүйе алмай жүргендерге егіз бала нәсіп етсін! Бақыттымыз шүкір!», — деп әнші жағымды жаңалығымен бөлісті.
Өз кезегінде әлеуметтік желіде өнер иесінің достары мен желі қолданушылары құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Естеріңізге сала кетсек, бірнеше жыл бұрын отау құрған әншінің бір ұлы мен бір қызы бар.