Соңғы кездері өткір пікірлерімен көзге түсіп жүрген Қуат Хамитов қалың жұртшылыққа «Найман» деген лақап атпен танымал,- деп жазады juldyz.kz.  ММА аралас жекпе-жек шебері кезінде ұлттық құрама сапында талай жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізген. 

  • Қуат Хамитов, ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы
  • Алматы облысы Алакөл ауданына қарасты Ынталы ауылында туып өскен. Әкесі зауыт қызметкері, ал  анасы үй шаруасында. Екі әпкесі, қарындасы мен інісі бар.
  • Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезде грек-рим күре­сімен шұғылданған. Кейін ережесіз жекпе-жекке ауысқан. «Железный орда», «Алаш прайд» спорт клубтарының құрамында болған. Бүгінде  өзінің «Найман Тим» атты спорт клубы бар.
  • Үлгі тұтатын тұлғасы Қажымұқан Мұңайтпасұлы.

Бір сұхбатында: «Басым бос. Бір сұхбатымда әлем­нің екі дүркін чемпионы болып барып, бірақ үйленемін деп айтып қойып едім», — деп айтқан.

  • 5.  Бойы: 175 сантиметр

Салмағы: 70 келі

Сайыстық көрсеткіші: 17-3-0

  • Атақтары: Грек-рим күресі бойынша спорт шебері; Аралас жекпе-жектен «Bushido FC 47» Халықаралық турнирінің екі дүркін чемпионы, (Англия, Қазақстан); Аралас жекпе-жектен SFL нұсқасы бойынша Халықаралық турнирдің жеңімпазы, (Үндістан, 2013ж.);  Аралас жекпе-жектен «Alash Pride FC» «Alem Alyby» Халықаралық турнирінің жеңімпазы, (2013 ж.);  Аралас жекпе-жектен RUFF нұсқасы бойынша Халықаралық турнирдің үш дүркін жеңімпазы, (Қытай, 2014ж.).

 Сұхбаттарының бірінде Қуат Хамитов: «Негізінде мен бала кезімнен Олимпиада чемпионы болсам деп армандадым. Кейін, өсе келе, мына Қайрат досым екеуміз (Қайрат «Қазақ» Ахметов — ред.) Грек-рим күресі бойынша Қазақстан құрамасында бірге өнер көрсеттік. Барлығын көрдік. Бірқатар жетістіктерге қол жеткіздік. Сонымен қатар, біз бала кезімізден осы ережесіз жекпе-жекті де көріп өстік. Кейін, спорттың осы түріне ауысқан соң, ережесіз жекпе-жектің шыңдарына қол жеткізсек деп армандадық. Сол арманымыз Олимпиада чемпионы болсақ деген арманымыздан да асып түсті. Сол үшін біздің біржола аралас жекпе-жекті таңдаған жайымыз бар», — деген.

Соңғы уақыттарда ережесіз жекпе-жек өнерінің майталманының ел-жер туралы желідегі жазбалары қазақ қоғамында қызу пікірталас тудырып жүр. Естеріңізге сала кетсек, жақында спортшы қазақстандық депутаттарды сынға алып, күні кеше Головкин мен Джейкобстың сайысына байланысты Instagram парақшасында GGG-ді жеңісімен құттықтап, бұл жұдырықтасудың тең түскенін және Головкинге рингті босату қажет екені жайында пікір білдірген болатын.

 



1 пікір

  1. Нью-Йорктіктер бұл жер шарының ғаламат «батыр Қуаты» туаралы бірдеңе естіп пе екен, әйтпесе АҚШ-тық «қара бала жеңді» дегенді олар да жақтағысы келеді. Мынау соларға жақсы көмекші болар еді. Бірақ мұның атын көрші қырғыздар да естімегеніне кепілдік беремін, мен де естімеппін Қуат батырдың ат үркетін атын, әйтпесе ережесіз күрестің талай Жапондық, американдық мықтыларды тамашаладық қой. Өзі уахабист емес пе екен, жеңген болса неге екбеттеп жоқ нәрседен үрейленіп жатыр? Ол үрейленген нәрсе жақсы болса батырды екбеттетіп қоймас еді ғой! Аман болсын әйтеу

Пікір қосу