Әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин швейцариялық Hublot компаниясының бренд-амбассадоры (бренд өкілі) атанды. Нәтижесінде Қазақстанның құрметіне шығарылған сағаттың шектеулі коллекциясы сатып алушыларға жол тартты, — деп жазады  Hommes.kz порталы. 

Геннадий Головкин мен Hublot маркасы бірігіп, Hublot King Power GGG сағатын ойлап шығарды.

Сағаттың корпусы қара керамикадан жасалған. Ал сағат тілі мен уақыт көрсеткіштері Қазақстан туының түсімен бірдей — көк және сары түстермен көмкерілген.

Циферблаттың жоғарғы бөлігіндегі Hublot логотипі жанында GGG жазуы бар, ал сол жағында бокс қолғаптарының бейнесін көре аласыз.

Былғары және каучуктен жасалған бауы көк түсті жіппен әрленген. Артқы әйнек қақпағында да GGG жазуы бар. Танымал швейцариялық Hublot  сағат маркасы Головкин секілді бірқатар әлемге әйгілі спортшылармен серіктестік қарым-қатынас орнатқан. Олардың арасында жеңіл атлет Усэйн Болт, футбол патшасы Пеле, баскетболшы Коби Брайант, футбол бапкері Жозе Моуриньо бар.

Пікір қосу