«Ayumi» тобының әншісі Айдана Шәріпханова ақ келін атанды. Бұл қуанышты жаңалықты топ продюсері Алуа Қонарова instagram желісіндегі парақшасында бөлісті, — деп жазады reactor.inform.kz.

​«Ayumi» тобының әншісі тұрмысқа шықты - Фото

 

«Қыз бала бақытты болу үшін, тұрмысқа шығып, ана атану үшін дүниеге келеді. Бұл оның негізгі міндеті. Айданаға бақыт тілеймін!», — деп ақ тілегі мен құттықтауын да жеткізген.

 

 

Отандық шоу бизнестегі тағы бір әнші тұрмысқа шықты (фото, видео)Айдана арудың таңдауы Әнуар Мәлік есімді азаматқа түсіпті. Әнуардың үйінде беташар той өткен. Ал үлкен тойдың қай уақытқа жоспарланғаны белгісіз. Айдана енді топтан кете ме әлде жұмысын жалғастыра бере ме беймәлім. Продюсері ол туралы әзірге тіс жарған жоқ. Алайда танымал продюсер жақында “Ayumi” тобына кастинг жариялаған болатын.

Пікір қосу