Димаш Құдайбергенов Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті қоры сыйлығының лауреаты атанды. Бұл туралы Димаштың ата-анасы Instagram желісінде жазды.

“Мәдениет және өнер саласындағы жоғары жетістіктері үшін Димаш Құдайберген Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті – елбасы қоры сыйлығының лауреаты атанды! Құтты болсын, тілеулес ағайын!” – деп жазады Қанат және Света Айтбаевтар.

Қор мәліметіне сүйенсек, 2016 жылы сыйлыққа 127 адам ұсынылған. Байқау комиссиясы ақырында 18 адамды іріктеп алған. Олардың қатарында Қытайды аузына қаратқан қазақ әншісі Димаш Құдайберген де бар.

Пікір қосу