«КешYou» тобының экс-мүшесі Жұлдыз Өмірғали топтан не үшін кеткенін НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Бұл туралы stan.kz-ке сілтеме жасай отырып juldyz.kz порталы жазады.

“Себебі мен мамандығым бойынша әнші емеспін.  Сондықтан, ортақ шешім қабылдап, «сен жүргізушілікке баршы» деді. Менен жақсы актриса шығады деп айтты”, – дейді Жұлдыз.

Иә, бүгінде Жұлдыз концерт жүргізіп, отандық телехикаяларда актриса ретінде тәжірибесін шыңдап жүр.

“Ал, тұрмысқа шығады деген ақпарат ол рас емес! Қайдан алынғанын білмеймін? Әзірге тұрмысқа шығу… ондай ойда жоқ”, – деп жауап берді ол.

Пікір қосу