Әнші Алтынай Жорабаева «Той Думан» арнасына сұхбат берді, — деп жазады juldyz.kz порталы. Оның бөлісер жаңалығы да бар екен.

«Жаңа бейнебаянның реті келмей жүр. Енді ауа-райы жақсарған соң түсіреміз. Қыздарымды осы бейнебаянда көрсетемін. Ән айтпайды, тек сюжетінде түседі. Жеке концертіме де дайындалып жатырмын. Талғатпен гастрольдік сапарлар да бар», — деді әнші.

Алтынай Жорабаеваның Инстаграм парақшасынан Біріккен Араб Әмірліктеріне сапарының жиілеп кеткенінің де байқай аламыз. Бұл сұраққа белгілі әнші:

«Біріккен Араб Әмірліктерінде Наурыз мерекесіне орай және 9 мамырға байланысты болатын концерттерге шақырту алдым» — деп өз жаңалығымен де бөлісті.

Пікір қосу