Қазақстанның мемлекеттік метеоқызметі ауаның ластануының ең төмен және ең жоғары деңгейіндегі елді мекендерді анықтады. Бұл туралы juldyz.kz порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап отырып хабарлайды.

Алматы, Астана, Ақтөбе, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Шымкент және Ақай ауылы ластанудың жоғары деңгейдегі қалалар деп аталды, деп — хабарлайды «Қазгидромет».  Жалпы 2016 жыл ішінде 46 елді-мекенде мониторинг жүргізілді, олардың 27 елді-мекені ластанудың төменгі деңгейіне, 10 елді-мекен ауа ластану деңгейінің көтеріңкі класына және 9 елді-мекен жоғары деңгей класына жатқызылды.

Ластанудың көтеріңкі деңгейіндегі қалалар: Жаңатас, Өскемен, Риддер, Қызылорда, Тараз, Семей, Шу, Петропавл және Глубокое, Бейнеу елді-мекендері; Ластанудың төменгі деңгейіндегі қалалар: Түркістан, Талдықорған, Степногорск, Ақсай, Көкшетау, Құлсары, Саран, Кентау, Ақсу, Жаңаөзен, Зырян, Рудный, Екібастұз, Қостанай, Павлодар, Орал, Ақтау, Атырау, Қаратау және Березовка, Январцево, Қордай Төретам, Қарабалық елді-мекендері мен Щучинск-Бурабай курорттық аймағы.

2016 жыл бойы атмосфералық ауаның жоғары ластануының (ЖЛ) 2828 жағдайы және төтенше жоғары ластанудың (ТЖЛ) 550 жағдайы мына қалаларда:   Ақтөбе — ЖЛ 235 жағдайы мен күкіртті сутегі бойынша 67 жағдайы; Балқаш — күкіртті сутегі мен қалқыма заттар бойынша ЖЛ 4 жағдайы  және күкіртті сутегі бойынша ТЖЛ 5 жағдайы; Қарағанды — РМ 2,5, РМ-10 қалқыма бөлшектер бойынша ЖЛ 14 жағдайы, көміртегі тотығы мен PM 2.5 қалқыма бөлшектер бойынша ТЖЛ     1 жағдайы;   Петропавл – күкіртті сутегі бойынша ЖЛ 2563 жағдайы және ТЖЛ     477 жағдайы; Теміртау — азот диоксиді мен күкіртті сутегі бойынша ЖЛ 12 жағдайы тіркелген.

Тіркелген ТЖЛ мен ЖЛ әрбір жағдайында, қажетті шаралар қолдану үшін ҚР Энергетика министрлігі хабардар етілді.

Пікір қосу