Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мұғалімдерді қоғамдық жұмыстардан босатуға уәде берді, — деп juldyz.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Тағы бір маңызды міндет — мұғалімдерді өз саласына жатпайтын жұмыстармен айналысуға мәжбүрлеуді тоқтату. Бұл көлемді жұмыс, алайда біз осыған кірісеміз. Бүгінде біз мұғалімдердің сараптамаларды, карталарды, жол жүру билеттерін жинайтынын, тексеріс өткізетінін білеміз. Бірінші кезекте тексеріспен айналысуды, статистикалық мәліметтерді жинауды тоқтатамыз. Механизмді жасап алып, үкіметтен бірқатар қаулы шығартамыз, бұл арқылы басқа органдар мұғалімдердің еңбегін пайдалана алмайтын болады», — деді Ерлан Сағадиев.

Айта кетейік, осыған дейін Мәжіліс депутаты қазақстандық мұғалімдердің, тәрбиешілердің және педагогикалық мекемелердің жұмысшыларының жалақысын өсіруді ұсынған. Бұған Сағадиев педагогтардың оқыту жүктемесін азайтуды ұсынып, жауап берген.

Пікір қосу