Жеңіс Ысқақова қазақстандық азаматтардың екінші әйел алуына қарсылық білдірді. Бұл туралы «Қазақстан» ұлттық арнасындағы  “Айтуға оңай” бағдарламасында айтылды.

“Жалпы өзім көп әйел алуға қарсымын. Еркектер “Мен жаспын, басқа әйел алуым керекпін” дейді. Сол азаматтардың әкелері шешелерін тастап, басқа әйел алып жатса, олардың да қиналатынына сенімдімін. Бірінші кезекте осы нәрсені ойлауы керек. Бәйбішенің жүрегі мен сезімі қайда қалады? Оның балаларының алдындағы абыройы ше? Ертең тоқалдан бала туған кезде, екі жақтың балалары бір-бірін жек көріп өседі. Әкелерін бір-бірлерінен қызғанатын болады. Осылайша, бүкіл әулеттің өсіп келе жатқан ұрпағының психологиясы бұзылады”, – дейді Жеңіс Ысқақова.

Әншінің айтуынша, бәйбіше мен одан туған балалары мұндайда психологиялық тұрғыдан қатты соққы алады. Нәтижесінде бәйбіше мен тоқалдан туған ұрпақ бір-бірін жек көріп өтеді.

Пікір қосу