Танымал актер Тәуекел Мүсілім жуырда Жанар Дұғалованың клипінде әншімен сүйісіп, елдің назарына түскен еді. Осыған байланысты оған түрлі пікірлер мен сыни сөздер айтылды. Осыған орай атышулы бейнебаян турасында актер өз пікірін «Қазақстан» арнасының «Бүгін жексенбі» бағдарламасында айтып берді, — деп жазады NUR.KZ.
Соңғы кездері түрлі өнердегі әріптес қыздарымен бірге көзге жиі түсетін Тәуекелдің өмірі елге қызық. Тыңдармандар актерді әнші Еркемен, Кәмшатпен, қырғыз қызымен, енді тіпті Жанармен де қосып, әлек болды.
Алайда, Тәуекелдің өзі жар таңдауда әлі де асықпайтынын айтып отыр. Сонымен бірге, оның айтуынша, Жанардың бейнебаянында әншімен сүйісу туралы тіпті де ойламаған екен. Мұның барлығы түсірілім барысында өзінен-өзі жүзеге асқан көрінеді.
Актердің сөзіне сенсек, халыққа клиптегі қос ғашықтың бір-біріне деген ынтық сезімін барынша жеткізу қажет болған. Осы тұста клип кейіпкерлері бұл сезімді көрсетудің ең ұтымды тәсілі — сүйісу екенін ұққан.
Естеріңізге болса, бұдан аз уақыт бұрын Жанар Дұғалова өзінің «Ала кетпедің» әніне түсірілген жаңа бейнебаянын елге көрсеткен болатын. Клипте әнші Тәуекел Мүсіліммен сүйісіп, елдің назарына іліккен.
Түсірілген бейне баян еш мағынасыз . Қазақ халқының салт-дәстүріне мүлдем қайшы . Тіпті қарап отырып жүрегіңді көтереді. Не үшін түсірді ? Не мақсат? Не тəрбие бар мұнда? Басым жетпей отыр . Кімге керек, кім тыңдайды мұндайды, Тіпті сөзінің өзін көшеде жүрген бір адам шығара салған секілді. Осындай бейне баяндарға қаржыны оңды солды шашқанша мүгедектерге, жетім балаларға берсе қайтеді
Ала кетсе қандай болатынын қайдан білейін ала кетпегені дұрыс болған екен!