Актриса Аружан Жазылбекова «Алтын Орда» фильміне қалай келгені жайында айтып берді. Бұл туралы juldyz.kz порталы sputniknews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Аружан аталмыш кинода басты рольдердің бірі – сұлу Наргизді сомдайды.

— Аружан, соңғы уақытта сіз ресейлік жобаларға қатысып жүрсіз. Неліктен бағытыңызды өзгерту туралы шешім қабылдадыңыз, сіз қазақстандық киноға өте қажетсіз ғой?  

— Бұл бар болғаны ресейлік кинодағы менің екінші жобам, бірақ түсірілім бүкіл 2016 жалға созылды. Бастапқыда мені комедиялық «Адаптация» сериалында ерекше рольге, содан кейін тарихи-фантастикалық «Алтын Орда» фильміне бекітті. Сондықтан  мен өткен жылы шын мәнінде Қазақстанда жұмыс істемедім. Бірақ ол қызықты материал болды, мұндай ұсыныс түскен кезде бас тарту мүмкін емес. Түсірілімнің қалай өтіп жатқанын өзіңіз көрдіңіз ғой – мұндай жобадан бас тартуға болады ма?

— Бұл сіз үшін жаңа деңгей ме, жоқ әлде жеке менмендігіңізді қанағаттандыру ма?

— Бұл мен үшін жаңа деңгей. Бірақ мен бәрі сәтті өтеді деп күткен жоқпын. Біздің кастинг-директорымыз Лика Лионидзе маған телефон соқпас бұрып, мен «Алтын Орда» жобасы туралы естідім. Әрине қоңырау соғылып, мені сынамаға шақырғанда мен өзімді қоярға жер таппадым. Осындай материалмен жұмыс істеу керемет болар еді деп ойладым. Бәлкім қатты кетермін, бірақ мен болжамды мазмұнын алған кезде, бұл рольді ойнайтынымды сездім.  Іштей сезгендей болдым.

— Сіз үшін қиындық неде туындады?

— Бұл менің алғашқы тарихи жобам болған соң, маған қиын болды. Сол уақытты сезініп, сол тілді үйрену керек болды. Фильм қазақ тілінде түсірілді, ал менің тілді меңгеру деңгейім мүлдем өзгеше – қалалық, заманауи. Тарихи кеңесшілер, редакторлар көмектесті. Бұл өте көп еңбекті талап ететін жұмыс болды.

— Аружан, «Рекетир-2» секілді ванильді рольдерден кеттіңіз. Бұл өткен шақтағы кезең бе?

— Мен олай айтпас едім. Бар болғаны, мені көбіне нәзік, бейкүнә, сүйкімді қыз ретінде қабылдайды. Не істеуге болады – типажым осындай.

— Бірақ сіз киноға сән әлемінен келдіңіз —  модель болдыңыз ба ?

— Мен әртүрлі әлемдерден келдім (күледі). Сән әлемі мен журналистика әлемінен келдім. Журналистика факультетін бітіріп, бір кездері актриса боламын деп ойламаппын. Мен мүлдем актерлік ортадан емеспін.

— Сіз сынамаға қалай түстіңіз – бала кезіңізде театр үйірмесіне бардыңыз ба? 

— Жоқ бұл кездейсоқтық. Караоке-барда болдым, сол жерде кастинг-директор мені байқап, «Махаббат әткеншегі» картинасында жұмыс істейтінін айтты. Мені эпизодқа түсуге шақырды. Көпшілік көрініске түсу – бұл мүлдем актерлік емес. Мен жалпы оның не екенін білуге қалжың үшін бардым. Кенеттен режиссер маған басты роль ұсынды. Бұл мелодрама менің дебютім болдым. Түсірілім кезінде мен журналистикаға, бұрынғы өміріме ораламын деп ойладым. Бірақ кино мені баурап алды.

Пікір қосу